Баспасөз қызметтері мен БАҚ өкілдеріне арналған семинар өтеді

Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылғы 14 мамырда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігімен бірлесіп «Халықаралық журналистика: дамуға ресми көмек» семинары өткізілетінін хабарлайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Семинар екі модуль бойынша өтеді.
– Баспасөз хатшылары үшін:
Қатысушылар халықаралық бағыттар бойынша мемлекеттік органдар мен БАҚ коммуникациялары, қоғамдық дипломатия, халықаралық баспасөзбен жұмыс, геосаяси дағдарыстар жағдайындағы коммуникациялық стратегиялар, халықаралық имиджді қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі мәселелерін талқылайды.
– Журналистер үшін:
Модуль халықаралық қатынастар саласындағы салалық журналистиканы дамытуға, Қазақстанның халықаралық бастамалары мен мақсаттарын жария етуге, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, басқа мемлекеттермен саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуға байланысты мәселелерді түсіндіруге бағытталған.
Спикерлер ретінде «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Әріптестік және өңірлік жобалар департаментінің директоры Қарлығаш Ахметова, 20 жылдан астам тәжірибесі бар дипломат Гаухар Бейсеева, Медиа және PR кәсіпқойлары үшін PR room-қоғамдастықтың негізін қалаушы, PR жөніндегі консультант Айнұр Байғожа, медиа-менеджер, коммуникациялар жөніндегі консультант Әйгерім Ақбергенова сөз сөйлейді.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, Қазмедиа орталығы, 21 қабат.
Іс-шараға келесі сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://forms.gle/7qqoPY4GvyR3pc8n7
Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласуға болады: +7 7172 740 186.