Елорда тынысы

Елордалық биші әжелер жеңісі

Нұра ауданының биші әжелерінен құралған «Қыздарай» ансамблі Ташкент қаласында өткен халықаралық «SUMMER FEST TASHKENT» көп жанрлы конкурсында жүлдегер атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Аталған би байқауына Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден 20-дан астам би ұжымдары қатысты.
«Қыздарай» ансамблі «SUMMER FEST TASHKENT» байқауында «Кең дала», «Экспрессия», «Әсемдік» билерін билеп, әр жанрда да қарсыластарынан озып шықты.
«Қыздарай» ансамблі «Нұра» ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жанынан құрылған, оларға білікті хореограф Ирина Смағұлова жетекшілік етеді.
«Біздің би тобымыз – жас өнер ұжымы, құрылғанына небәрі 2 жыл болды. Осы бір аз уақыт аралығында жиырмаға жуық би қойылымдарын дайындадық. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының 62-77 жас аралығындағы зейнеткерлері би үйірмесіне зор қызығушылық танытып қатысады, би үйренемін деген ынтасы жоғары. «Қыздарай» ансамблінің құрамы үнемі жаңарып тұрады, биші әжелеріміз әрдайым ізденіс үстінде, репертуарлары әр алуан» – деп сөзін түйіндеді ансамбльдің көркем жетекшісі Ирина Николаевна.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button