Қоғам

Бірлік мерекесінде бауырсақ таратты

1 мамыр Бірлік күні мерекесіне орай  Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Бауырсақ біріктіреді” акциясы өткізіліп,  қала тұрғындарына жылдағыдай жаңа піскен бауырсақ таратылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елорданың Алматы ауданындағы балалар алаңында орталық жастары тұрғындар мен қала қонақтарына барлығы 15 килограмм жаңа дайындалған бауырсақ таратты. Іс-шараның мақсаты – елімізде тұратын түрлі этностар арасындағы достық пен ынтымақты нығайту. Жылы қарым-қатынас, ізгі тілектер мен жаңа піскен бауырсақтың хош иісі қонақжайлылықтың, бірліктің және елдің көпұлтты мәдени мұрасына деген құрметтің белгісін көрсетті.

– Бұл ерекше іс-шараға қатысу – бізге үлкен қуаныш сыйлайды. Себебі ұлттық тағамымыз – бауырсақты халыққа үлестіре отырып, олардың қалай қуанып, шаттанғанын, риза болғанын көресің, алғысын аласың. “Бауырсақ біріктіреді” акциясы – біздің елдегі азаматтардың түсі мен ұлты сан алуан болғанына қарамастан бәрімізді бір мемлекет біріктіретінін, жүрегіміз бір екенін еске салатын қадам, – дейді волонтерлердің бірі Дана Такенова.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button