Қоғам

Балабақшалар арасында жол жүру ережесі бойынша «Брейн-ринг» байқауы өтті

Астанада «Заң және тәртіп» нарративі аясында балабақшалар арасында жол жүру ережесі бойынша «Брейн-ринг» байқауы өтіп жатыр, деп хабарлады astana-akshamy.kz

Байқауды Білім басқармасы, Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қолдауымен Әдістемелік орталық пен «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырып отыр.

«Бұл байқау жыл сайын өткізіледі. Байқаудың мақсаты – балалардың жол жүру ережелеріне қатысты білімін кеңейту, педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру. Оған педагогтар мен тәрбиеленушілер қатысып жатыр», – деді №54 «Нұрай» балабақшасының әдіскері Әлия Талипова.

Әдіскердің айтуынша, бүгінгі байқау үш кезеңнен тұрады. Оның жеңімпаздарын Астана қаласы Білім басқармасы, Полиция департаменті және Әдістемелік орталық өкілдерінен құралған қазылар алқасы анықтайды.

«Мұнда командалардың жол ережесі, жолдағы қауіпсіздік тақырыптары бойынша қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруіне, көріністердің сюжеттік мағынасына, сапасына баса назар аударып отырмыз. Балалар жарысқа өте жақсы дайындықпен келген. Сондықтан оларды бағалау жағынан аздап қиналып отырмыз», – деді Астана қаласы Әдістемелік орталығының арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің әдіскері Айжан Каримова.

Жеңімпаз балабақшалар бас жүлде, I, II, III дәрежелі дипломдармен, тәрбиеленушілер грамоталармен, педагогтер сертификаттармен марапатталады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button