Қоғам

«Ұлттық кітап күні» аясында жалпыхалықтық челлендж өтуде

«Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай әлеуметтік желілерде кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған челлендж өтуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Челленджді алғашқылардың бірі болып ақын-жазушылар мен мәдениет қайраткерлері бастап, көпшілікті кітап оқуға үндеді. Олар сүйікті кітаптары туралы ой бөлісіп, оқырмандарын кітаптың рухани құндылығын қайта тануға шақыруда.

Аталған челлендждің негізгі мақсаты – қалың көпшілікті кітап оқуға ынталандыру, кітаптың рухани, мәдени құндылық ретіндегі маңызын қайта жаңғырту және оқырман қауымның кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

Челлендж «Менің сүйікті кітабым», «Менің өмірімді өзгерткен кітап», «Кітап – алтын қазына», «Менің өміріме әсер еткен кітап» тақырыптарын қамтиды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button