Ел тынысы

Арменияда Қазақстанның мәдени күндері өтеді

Биыл 18-19 сәуір күндері аралығында Ереван қаласында Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен мәдени күндер аясында бірқатар іс-шаралар өтеді.

18 сәуір күні Ереван қаласының «Мәскеу» кинотеатрында сағат 16:00-де Қазақстан киносының ашылуы режиссер Рүстем Әбдірашовтың қазақ хандары туралы «Қазақ хандығы. Алтын тақ» атты тамаша туындысымен басталады. Сағат 19:00-де режиссер Фархат Шәріповтың «Тоқта, түн» фильмі көрермен назарына ұсынылады.

​​19 сәуір күні аталған кинотеатрда сағат 16:00-де режиссер Серікбол Өтепбергеновтың «Патриоттар уақыты» фильмі және 19:00-де режиссер Д. Ибрагимовтың «Бүркіт» фильмі көрсетіледі.​

Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы мәдени күндері аясында өтетін негізгі іс-шара – 19 сәуір күні сағат 19:00-де Арам Хачатурян атындағы концерт залында жоспарланған. Онда отандық өнерпаздардың қатысуымен Гала концерт өтеді. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Арменияның білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасян, жергілікті зиялы қауымдар, ғалымдар, жазушылар, дипломатиялық корпустың, шығармашылық одақтардың, қазақ диаспорасының өкілдері қатысады.

​​Гала-концертте Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Александр Беляков, Әйгерім Бекетаева, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Расул Жармағамбетов, Асқар Мұқият және басқа да өнер жұлдыздары танымал эстрадалық әндер мен халық композиторларының шығармаларын орындайды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Армения Республикасы Мәдениет министрлігінің бірігіп ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы Армения Республикасының мәдени күндері 2024 жылы қазан айында Астана қаласында өткен болатын.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button