Қоғам

Құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Астанадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызметкерлері заңгер мамандармен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Кездесу «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі» атты тақырыпта оқыту семинары ретінде өтті. Семинарға Орталықтың басшы құрамы мен қызметкерлері қатысты.

Заңгер мамандармен кездесу барысында Астана қаласы Әділет департаментінің бас маманы Бауыржан Смағұлов, адвокаттар Айдархан Тұрғанұлы мен Айгүл Жүнісова, «Әділет Лигасы» заң консультанттары палатасының заң кеңесшісі Венера Нұралина жиналғандарға заң көмегін көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастар, жеке және заңды тұлғаларға мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету кезінде олардың құқықтары мен міндеттерін жан-жақты түсіндірді.

Құқық саласының мамандары мемлекет кепілдік берген заң көмегінің түрлеріне, көмекке мұқтаж тұлғалар, оны алуға құқығы бар адамдар құқығы және адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету тәртібіне баса тоқталды.

Семинар соңында Орталық қызметкерлері заңгерлердің кеңесіне жүгініп, өздерін толғандырған сұрақтар бойынша толыққанды заңды көмек алды. Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруда семинардың пайдасы зор болды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button