Ел тынысы
Жыл басынан бері халық саны 69,8 мың адамға өскен

1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 353 265 адамды құрады. Жыл басынан бері халықтың жалпы өсімі 69,8 мың адам болды. Оның ішінде табиғи өсім есебінен – 63,4 мың адамға, көші-қон есебінен – 6,3 мың адамға, деп хабарлайды astana-akshamy.kz ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.