«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Табиғат жанашырлары

0 72

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында онлайн режимде Назарбаев зияткерлік мектептері оқушыларының «Су. Азық. Энергия» атты «ECOhack NIS» стартап-жобаларының таныстырылымы өтті. Сондай-ақ желілік эко-клубтар ашылды.

нзмм

– «Eco jeli» эко-клубтар желісінің ашылуы және «Су. Азық. Энергия» хакатонының бастау алуы – бәріміз үшін маңызды оқиға. Біз экологиялық проблемалар бүкіл әлемде өзекті екенін және адам өмірінің барлық салаларын қамтитынын түсінеміз. Бұл проблемаларды бір немесе бірнеше мемлекет қана шешпейді. Қоршаған ортаның тазалығына бәріміз жауаптымыз. Әрбір адамның бірлескен күш-жігерінің, іс-қимылының арқасында ғана біз әлемді жақсы жағына қарай өзгерте аламыз, – дейді «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқарма төрайымының орынбасары Ольга Можаева.

Экологиялық мәселелердің шешімін тауып, оқушылар арасында экологиялық мәдениетті насихаттау және қоғамды табиғатқа деген жанашырлыққа баулу – жобаның басты мақсаты.

Нұр-Сұлтан қаласы НЗМ мектебінің эко-клуб белсенділері 2019-2020 жылдары 1000 кг макулатура жинап, тиісті мекемелерге тапсырған. Айта кету керек, хакатон 3 айға созылады. Ақпан айының 25 жұлдызында жас стартапшылар өздерінің эко-өнімдерін көпшілікке таныстыратын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды