ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ – СЫРҒАНАҚ

0 2  494

IMG_3047

Астаналық балғындар үшін қыстың қызығы басталып кетті. Елордада ашық аспан астында мұз айдындары мен жылдағы дәстүр бойынша қалашықтар бой көтерді.

Жаңа жыл қарсаңында Аста­наның шырайын арттыратын мұз қалашығы Ақбұлақ мұз айдынында тұрғызылды. Алматы ауданында мүсіншілер қыстың суығына қарамастан гипстен қысқы спорт түрлерін бейнелейтін онға жуық мүсін орнатқан. Ондағы сырғанақ алаңдары балалардың қауіпсіздігі үшін жартылай қоршалса, безендірілген мүсіндер түнгі қаланың келбетіне сән беріп тұр. Алматы ауданы әкімдігінің бөлім жетекшісі Дәмелі Әбдуәлиеваның айтуынша, балаларға арналған сырғанақтардан бөлек,  конькиді жалға беретін он нүкте ашылған. Сонымен қатар, арнаулы тамақтану орындары да қарастырылған.

«Күн суытқалы бері коньки алаңына келушілер қатары артуда. Мүсіндерді тамашалауға үлкен кісілер де жиі келеді. Балаларға арналған ойын алаңдары мерекеге сай безендіріліп, елдің қысқы спорт түрлеріне қызығушылығы оянды» дейді мұздан мүсін жасап жүрген шебер Дархан Сыздықов.

Жалпы, биылғы қыс маусымында қала тұрғындары үшін жалпы ауданы 32 500 шаршы метр болатын ашық аспан астындағы үлкен мұз айдыны салынды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 + 6 =