Ел тынысы

«Антиконтрафакт – 2026» XIV Халықаралық форумы өтті

Астанада Еуразиялық экономикалық форум аясында Еуразиялық экономикалық комиссияның қолдауымен ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған «Антиконтрафакт – 2026» XIV Халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Форум контрафактілік өнімнің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, цифрлық бақылау тетіктерін дамыту және адал бәсекелестікті нығайту мәселелеріне арналды. Іс-шараға ҚР Президентінің Құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев, ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, ЕЭК Алқа мүшесі (министрі) Бақыт Сұлтанов, Еуразиялық патенттік ұйымның президенті Григорий Ивлиев қатысты.

Пленарлық отырыста цифрлық экономика мен трансшекаралық электрондық сауданың дамуы жағдайында контрафактіге қарсы күрестің өзектілігі атап өтілді. Халықаралық деректерге сәйкес, әлемдік контрафактілік өнім айналымы шамамен 467 млрд АҚШ долларын құрайды, ал ЕАЭО елдерінде 2024 жылы 6,6 млн-нан астам контрафактілік өнім анықталған.

Ерлан Сәрсембаев зияткерлік меншіктің инновациялар мен цифрлық технологияларды дамытудың стратегиялық ресурсына айналғанын және Конституцияның жаңа редакциясында оның заңмен қорғалатыны алғаш рет бекітілгенін атап өтті. Форум аясында зияткерлік меншікті цифрландыру, тауарларды таңбалау, интернет-саудадағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жасанды интеллектті қолдану мәселелеріне арналған 10 тақырыптық сессия өтті. Форумға 1000-нан астам қатысушы тіркелді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button