Прокурорлар кәмелетке толмағандардың құқығын қорғауға бағытталған профилактикалық жұмысты жалғастыруда

«Заң мен Тәртіп» идеологиясы және «Жас Үміт» жобасы аясында Астана қаласының прокуратурасы қызметкерлері Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шара барысында оқушыларға терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін жауапкершілік, киберқауіпсіздік қағидалары, интернет-алаяқтықтан қорғану тәсілдері, сондай-ақ жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Астана қаласының прокуратурасы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған профилактикалық жұмысты жалғастырады.



