Толғағы келген әйелді пойызда босандырып алды

Толғағы келген әйелді пойызда босандырып алды

Шымкенттен Астанаға бара жатқан жүкті әйел пойызда босанып қалды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Күйеуімен бірге жүктіліктің соңғы айында Шымкенттен Астанаға сапарға шыққан әйел 86 «Шымкент-Астана» пойызында сәбиін дүниеге әкелді.


21 қазаннан 22 қазанға қараған түні №86 «Шымкент-Астана» пойызында келе жатып, жолаушының толғағы басталған. Сағат 23:30-да күйеуі пойыз қызметкерлерінен шұғыл көмек сұрады.

«Пойыз бастығы Гүлшат Қаракұлова мен жолсерік Анара Адамбаева жедел түрде барлық қажетті шараны қабылдап, жолаушының аман-есен босануына көмектесті. Нәтижесінде, 21 қазан күні сағат 23:55-те қыз бала дүниеге келді», - деп мәлімдеді Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.


Сары-Шаған станциясына жеткенде жедел жәрдем шақырылып, жас ана мен жаңа туған нәресте дәрігерлердің қарауына тапсырылды.

Еске сала кетейік, соңғы 3 жыл ішінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында 14 сәби дүниеге келген.