Астана спортшылары республикалық және халықаралық аренада биіктен көрініп, түрлі спортта ел намысын абыроймен қорғап келеді. 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша елордалық спортшылар 1 472 жарысқа қатысып, 5 696 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 2 149-ы – алтын, 1 803-і – күміс, 1 744-і – қола, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бокс, күрес, су добы, семсерлесу, стенд және оқ ату, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, гимнастика, велоспорт, триатлон, самбо, таеквондо, шахмат, шорт-трек және басқа да спорт түрлерінен айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.
Азия және әлем чемпионаттарындағы нәтижелердің орны ерекше. 2026 жылы елордалық спортшылар спорттың 12 түрінен өткен 15 Азия чемпионатына қатысып, 23 медаль иеленді. Оның 9-ы – алтын, 8-і – күміс, 6-ауы – қола.
Ал спорттың 11 түрінен өткен 12 әлем чемпионатында Астана өкілдері тағы 23 жүлдеге қол жеткізді. Оның ішінде 10 алтын, 8 күміс және 5 қола медаль бар.
Параспорт өкілдері де жоғары нәтижелер көрсетті. Астана құрамасының спортшылары спорттың 9 түрінен өткен 9 Азия чемпионатына қатысып, 32 медаль жеңіп алды. Оның 16-сы – алтын, 12-сі – күміс, 4-еуі – қола.
Бұдан бөлек, спорттың 6 түрінен өткен 6 әлем чемпионатында елордалық параспортшылар 14 медаль иеленді. Оның ішінде 2 алтын, 6 күміс және 6 қола жүлде бар.
2026 жылғы қарашада елордалық параспортшылар парастол теннисі, армрестлинг және пауэрлифтингтен өтетін тағы үш әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр.