Прокурорлар мектепте дәріс өткізді

Прокурорлар мектепте дәріс өткізді
фото: Астана қаласының әкімдігі

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру және прокуратура органдарының құрылғанына 35 жыл толуын мерекелеу қарсаңында Астана қаласының прокуратурасы №59 мектеп-лицейінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған дәріс өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында оқушыларға «Вандализм» және «ұсақ бұзақылық» құқық бұзушылықтарын жасаудың құқықтық салдары түсіндірілді. Нақты өмірден алынған мысалдарды жан-жақты талдау арқылы құқыққа қайшы мінез-құлықтың себептері мен салдарына ерекше назар аударылды.

Оқушыларға заңнама талаптары түсінікті тілде жеткізіліп, құқыққа қайшы әрекеттердің ықтимал құқықтық салдарына қатысты мысалдар келтірілді және оларды қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – болашақ ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға және өз іс-әрекеттері үшін жеке жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.