Жас ұрпақтың болашағы - ортақ жауапкершілік

Жас ұрпақтың болашағы - ортақ жауапкершілік
Астана қаласы Сарыарқа ауданында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қала әкімінің өкіміне сәйкес Сарыарқа ауданы әкімдігі жанынан кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жұмысын жалғастыруда.

Комиссияның негізгі мақсаты - балалардың құқықтарын қорғау, олардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету, қиын өмірлік жағдайға тап болған жасөспірімдерге қолдау көрсету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын жүйелі түрде үйлестіру.

Кезекті отырыста жасөспірімдердің өмір сүру салты, тәртібіне қатысты 8 іс қаралды.

Бұл істердің әрқайсысы - бала тағдырына тікелей әсер ететін маңызды мәселелер. Сондықтан мұндай жағдайлардың алдын алу үшін комиссия мүшелері, мемлекеттік органдар, білім беру және денсаулық сақтау мекемелері, құқық қорғау органдары өзара тығыз жұмыс жүргізеді.