Орталық сайлау комиссиясының отырысында саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетеніне енгізу тәртібі де айқындалды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Саяси партиялардың өкілдері партия атауларының мемлекеттік тілдегі әліпбилік тәртібімен үстел басына шақырылды. Партия өкілдері өз қолдарымен партияның сайлау бюллетенінде көрсетілетін реттік нөмірі жазылған мөрленген конверттерді алды.
«Жеребе қорытындысы бойынша 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарын сайлау кезінде дауыс беруге арналған бюллетеньде саяси партиялардың атаулары мынадай тәртіппен орналастырылады: 1. «Ауыл» партиясы, 2. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия», 3. «Қазақстанның Халық партиясы», 4. «Respublica» партиясы, 5. «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, 6. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы, 7. «Әділет» партиясы. Жеребе қорытындылары Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тарапынан тиісті хаттамамен бекітіледі» деді жеребе тарту рәсімін жүргізген ОСК мүшесі Азамат Айманакумов.