U23 Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

U23 Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
фото: Астана қаласының әкімдігі

Бахрейннің Манама қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында семсерлесуден Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Құрлықтық додаға 25 мемлекеттен 350-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Байрақты бәсекеде Астана қаласының спортшысы Мансұр Естеу Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, ерлер арасындағы рапирамен семсерлесуден командалық сайыста күміс медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасының сапында елордалық Мансұр Естеумен бірге алматылық спортшылар Ғалым Нұрымов, Тимофей Семёнов және Евгений Токанов өнер көрсетті. Финалға дейінгі жолда қазақстандық семсерлесушілер Қытайлық Тайбэй мен Қатар құрамаларын бірдей 45:43 есебімен жеңіп, алтын медаль үшін өтетін шешуші кездесуге жолдама алды.

Финалдық бәсекеде отандастарымыз Гонконг құрамасымен кездесіп, 31:45 есебімен есе жіберді. Осылайша, Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы рапирамен семсерлесуден U23 Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанып, тарихи нәтижеге қол жеткізді.