Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асырудың негізгі бағыттары» тақырыбында дәріс өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Дәрісті «Ұлттық құндылықтар академиясы» РҚБ төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Әділхан Дүйсебек өткізді.
Дәріс барысында «Заң мен тәртіп» идеологиясының негізгі бағыттары: «Заң мен тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарына ерекше назар аударылды.

Іс-шара соңында заң мен тәртіпті сақтау тұрақты әрі қауіпсіз қоғам қалыптастырудың маңызды негіздерінің бірі екені атап өтілді.
