eGov mobile мобильді қосымшасындағы «Халықтық бақылау» цифрлық сервисі арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына азаматтардан 6,3 мың өтініш келіп түсті. eGov mobile қосымшасындағы «Денсаулық» – «Медициналық қызметтер тарихы» бөлімінде көрсетілген медициналық көмек, оның атауы, көрсетілген күні мен уақыты, сондай-ақ қаржыландыру көзі туралы ақпаратпен танысу мүмкіндігі іске қосылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қызмет түрін пайдаланушылардың арасында көрсетілген мәліметтер мен іс жүзінде алынған медициналық көмек арасындағы сәйкессіздікті анықтағандар да бар. Осы өтініштер бойынша Қор тарапынан тексерулер жүргізіліп жатыр. Тексеріс нәтижелері бойынша тиісті іс-шаралар жүзеге асырылады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп «Халықтық бақылау» цифрлық сервистерін дамыту жұмыстарын жалғастыруда.