Елорда туралы «Әлемге ашылған қала» деректі фильмі түсірілді

Елорда туралы «Әлемге ашылған қала» деректі фильмі түсірілді
фото: видеоскрин

Астана қаласы туралы «Әлемге ашылған қала» деректі фильмі түсірілді. Фильм елорданың қалыптасу жолын, бүгінгі жетістіктерін және жаһандық кеңістіктегі орнын баяндайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астана – тәуелсіз Қазақстанның айбыны, ел дамуының символы әрі әлемге танылған заманауи мегаполис. Бүгінде елорда саяси және экономикалық орталық қана емес, халықаралық ынтымақтастық пен инвестиция тартудың, инновация мен туризмнің және жаңа мүмкіндіктердің маңызды алаңына айналды.

Қаланың сәулеттік келбеті, қарқынды дамуы, халықаралық бастамалары мен болашаққа бағытталған жобалары – Қазақстанның әлеуетін әлемге танытып келеді.

Фильм бүгін кешке 19:35-те “Atameken business” телеарнасында көрсетіледі.