Мемлекет басшысының Жолдауы, жалпыұлттық Үндеу деп білемін. Алдымызда ауқымды мақсаттар тұр. Биік мұраттар. Тіпті, бұрын-соңды болмаған межелер белгіленді.
Қазіргі дүниенің екпіні тым қатты. Кім көшке ілесе алмаса, ол шаң қуып артта қалады...
Қазақстанның бағдары - әлемдегі ең табысты, ең дамыған елдер. Бұл – Қазақ жерінің экономикалық тұрғыдан өз өңірінің аясынан әлдеқашан асып, бұдан кең өріске қадам басуға ұмтылғанының айқын көрінісі.
Оның нақты дәлелі - тарихымыздағы ең ірі инфрақұрылымдық бастама - «Халықтық құрылыс» жобасы.
Оның түпкі мәні, мемлекет ресурстарын халық игілігіне бағыттап, әлеуетін жаңа деңгейге көтеру. Денсаулық сақтау, білім беру, спорт және мәдениет нысандарын салып, әр шалғай ауылды газбен және таза сумен қамтамасыз ету.
Ең бастысы, бұл бастама тек инфрақұрылымды жаңғыртумен шектелмейді, осының игілігін бүгінгі ұрпақпен қатар, келешек буын да көреді.
Ендігі меже - Еуразиядағы бәсекеге қабілетті, экономикасы мығым, әлеуеті жоғары, жаһандық деңгейде ықпалы зор әрі әлем назарын өзіне аударатын мемлекет қалыптастыру.
Бұл - елміздің стратегиялық таңдауы, ал оған жетудің басты шарты, қоғамның бірлігі, жауапкершілік және нақты нәтижеге жұмылған табанды еңбек.
Жолымыз - Әділет, мақсатымыз - айқын, болашағымыз - жарқын болғай!
Ербол Адаев,
Құрылтай депутаты