Шұғыл көмек орталығы салынады

Шұғыл көмек орталығы салынады
фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордада балаларға шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған 200 орындық жаңа орталық салынады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Медициналық мекеме Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының аумағында салынып, елордамен қатар, Қазақстанның өзге  өңірлерінен жеткізілетін нау­қас балаларға да қызмет көрсетеді, деп мәлім етті «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» РМК басқарма төрағасы Ержан Әділбеков.

Жоба Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген үш жаңа балалар ауруханасын салу бастамасы аясында жүзеге асырылады. Жобалық құжаттамаға сәйкес, жаңа орталық елорданың Нұра ауданында, Тұран даңғылы бойындағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының қолданыстағы кешені аумағында орналасады. Нысанның жалпы сыйымдылығы – 200 стационарлық төсек-орынға арналған.