Астанада «Елорда» халықтық ардагерлер хорының Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік концерті өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шара барысында «Елорда» халықтық ардагерлер хорының орындауында музыкалық шығармалар шырқалады. Концерт аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен еңбегін, қоғамның дамуына қосқан үлесін дәріптеуге, сондай-ақ, белсенді ұзақ өмір сүруді қолдауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және аға буын өкілдерінің мәдени бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған.

Мерекелік шара 23 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында сағат 17:00-де басталады.