Теміржолшылардың төл мерекесі қарсаңында Астана-1 станциясы ел теміржолы бойынша «Үздік станция» атанды. 95 жылдық тарихы бар мекеменің осыншама уақыт ішінде ел экономикасын дамытуға қосқан үлесі орасан зор.
Мұнда содан бері темірдей тәртіп пен білікті мамандардың табанды еңбегі мен талапшылдығының арқасында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келе жатқан теміржолшылардың мықты мектебі қалыптасты. Биыл да станция жыл басынан бергі 6 айда бекітілген технологиялык жұмыс талаптарына сәйкес өндірістік қызметін жүзеге асырып, пойыздарды кабылдау, жөнелту, құрастыру және өңдеу бойынша пайдалану көрсеткіштерін жоғары деңгейде орындады.

Астана станциясы – Ақмола ЖТ бөлімшесінің транзиттік вагон ағынының негізгі артерияларының бірі, әрі елордалық деген аты тағы бар. 2025 жылдың қорытындысы бойынша станцияда тәулігіне орташа вагон айналымы 11000-нан астам вагонды құрады, бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 8,5% жоғары. Вагондарды дөңестен тарату өткен жылға қарағанда 5% ұлғайды. Вагонға статикалық жүктеме 6,7% артты, пойыздарды қабылдау және жөнелту тапсырмадан 19% жоғары орындалды. Қол жеткізілген нәтижелер тасымалдау процесінің жоғары ұйымдастырылғанын, техникалық құралдар мен еңбек ресурстарының тиімді пайдаланылғанын және станцияның барлық құрылымдық бөлімшелерінің үйлесімді жұмысының нәтижелі болғанын көрсетеді.

– Ұжымның еңбегінің арқасында сигнал берушіден бастап инженерлік құрамның қызметкерлеріне дейін табанды еңбегімен атсалысып, бүгінгі нәтижеге қол жеткізілді. Ұжымның ұйымшыл жұмысының, тасымалдау процесін тиімді ұйымдастырудың және барлық қызметтердің өзара үйлесімді іс-қимылының арқасында негізгі жоспарлы көрсеткіштердің басым бөлігі жоспардан жоғары деңгейде орындалды. Алда әлі көптеген мақсаттар мен міндеттер бар, кейбір міндеттерге қол жеткізілді, кейбіреулері іске асыру процесінде. Эксплуатациялық штат қызметкерлерінің жұмыс орындарын жақсарту бойынша біраз жұмыстар жүргізілуде. Сондықтан үйлесімді және жедел жұмыс арқылы ғана жақсы нәтижеге қол жеткізіледі, біз өз жұмыс орындарымызда саланың дамуына белгілі бір үлес қосып жатқанымызды мақтан тұтамыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, компания басшылығына қызмет нәтижелерін жоғары бағалағаны үшін алғыс айтқым келеді. Барлық теміржолшыларды кәсіби мерекемізбен құттықтаймын, – дейді станция бастығы Надырхан Қайсаров.

Станцияда жоспар бойынша тәулігіне орта есеппен 10 583 вагон қарастырылған болса, нақты вагон айналымы 11 381 вагонды құрап, жоспар 107,5% орындалды. Бұл нәтижеге тасымал көлемінің артуы, вагон айналымының жеделдеуі, вагондарды өңдеу уақытының қысқаруы және пойыздық әрі маневрлік жұмысты ұйымдастыру технологиясының жетілдірілуі есебінен қол жеткізілді. Есепті кезеңде жоспар бойынша тәулігіне орта есеппен 5,0 вагон тиеу көзделген. Нақты көрсеткіш 6,6 вагонды құрап, жоспар 132,0% орындалды. Көрсеткіштің өсуіне жүк жөнелтушілердің өтінімдерінің көбеюі, қосымша жүк көлемдерінің тартылуы және жүк ағындарын тиімді қайта бөлу ықпал етті.
1931 жыл Омбы теміржолының Ақмола станциясы құрылды. Станция 1940 жылы Қарағанды теміржолы құрамына кірді, 1962 жылы станция болып қайта аталды. 2016 жылға дейін дербес станцияның филиалы мәртебесіне ие болды, сол жылы 1 шілдеден бастап Ақмола жол бөлімшесіне қарайды. Бүгінгі таңда станцияда 350 адам еңбек етеді. Олардың қатарында сигнал беруші, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші, пойыздарды құрастырушы, сұрыптау слайдының операторлары, СТО операторлары, парк бойынша кезекшілер, станция бойынша кезекшілер, маневрлік және станциялық диспетчерлер бар.

Ғасырға жуық тарихында станция жұмыстың жоғары көрсеткіштері бойынша көптеген құрметті марапаттарға ие болды. Посткеңестік кезеңде станция көптеген автоматтандырылған жүйелерді, қызмет өнімділігін арттыруға арналған жабдықтарды пилоттық енгізу алаңы болды. Ұжым 70,80,90 жылдық мерейтойларына орай мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Станция мен кәсіподақ комитеті компанияның да, қаланың да қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Олардың ішінде жалпықалалық және салалық іс-шаралардағы еріктілер жұмысы, зейнеткерлерге қамқорлық жасау, ағаш отырғызу және басқа да жұмыстар бар.