Төтенше жағдайда ЖИ қалай көмектеседі?

Төтенше жағдайда ЖИ қалай көмектеседі?
фото: seccom.ru

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін Tasqyn және Talsim-NG ақпараттық жүйелері қолданылады. Осы мақсатта табиғи апаттарды болжау жүйелері жаңа технологиялармен жабдықталған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Заманауи технологиялар қауіпті ерте анықтап, адам өмірін сақтап қалуға қаншалықты мүмкіндік береді?

Бұл сұраққа құзырлы министрлік өкілі: «Қазір әлемде зілзаланың алдын алу процесі алға жылжыды. Біз осы саладағы озық елдермен тәжірибе алмасып, олардың үздік тәсілдерін үйренеміз. Төтенше жағдайлар министрлігінің дрондары ЖИ-мен жабдықталған. Мәселен, дрондардың көмегімен биыл 26 адам табиғи апаттан құтқарылды» деп жауап берді. Осы тақырыптағы ақпаратты толығырақ білгіңіз келсе, «Exclusive» бағдарламасын көріңіздер.

Сілтемесі: https://www.youtube.com/watch?v=6WJDhixXe70