Бас прократураның тапсырмасына сәйкес, Астана қаласының Білім басқарамасы, қалалық Прокуратура мен Полиция департаменті, мәдениет және спорт саласы өкілдерінің қатысуымен қалалық мемлекеттік колледж студенттерге арналған жеке қауіпсіздік сағаты өтті.
Бұл іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Түсіндіру жұмыстары барысында жастардың құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылықтың салдары және өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, түнгі уақытта көшеде жүру, ойын-сауық орындарына бару, ұрлық, бопсалау, нашақорлық, ішімдік қолдану және қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу мәселелері айтылды.
Бас прократураның тапсырмасына сәйкес 4-11 қараша аралығында он алты мобильдік топ қызметкерлері қаладағы бес аудан бойынша 115 мемлекеттік мекемелерде қауіпсіздік сабақтарын ұйымдастырып, жасөспірімдерге дәріс оқыды.
Индира Бержанова