Елордада құқық қорғау органдары басшыларының жұмыс кеңесі өтті

Елордада құқық қорғау органдары басшыларының жұмыс кеңесі өтті
фото: polisia.kz

Елордада құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Есіл ауданының полиция басқармасында Астана қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов, Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев және , ҚСжАЕК Астана қаласы бойынша департаментінің бастығы Нұрлан Нұрсеитовтің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Кеңес барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, учаскелік полиция инспекторлары мен тергеу бөліністерінің жұмысын ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюды арттыруға және халықпен өзара байланысты нығайтуға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар тәжірибелік қызмет барысында туындайтын проблемалық мәселелер қаралып, оларды шешу жолдары және профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған қосымша шаралар айқындалды. Кеңес барысында "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыруға ерекше мән берілді. Құқық қорғау органдарының жұмысы қылмыс деңгейін одан әрі төмендетуге, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, қоғамда заңды сақтау мәдениетін қалыптастыруға және азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға бағытталған.