2026 жылғы 20–26 шілде аралығында өткізіліп жатқан «Аулада қабылдау» акциясы аясында Астана қаласы ПД Сарыарқа ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Кездесу барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, интернет-алаяқтықтың алдын алу, бөтеннің мүлкін ұрлаудың профилактикасы, балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу, сондай-ақ тыныштықты бұзу фактілері үшін көзделген әкімшілік жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтау, жеке және қоғамдық мүліктің сақталуына мұқият болу, күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеу, қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде ұсынымдар берілді.
Кездесу соңында азаматтардың барлық сұрақтарына жауаптар беріліп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірулер ұсынылды.