ҚР Ұлттық кітапханасында «Бибі-Сана» кітабының тұсаукесері өтті

ҚР Ұлттық кітапханасында «Бибі-Сана» кітабының тұсаукесері өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, белгілі қаламгерлер, әдебиеттанушылар, оқырмандар мен журналистер қатысты.

Кеш аясында «Бибі-Сана» кітабының түрік және орыс тілдеріндегі аудармалары, сондай-ақ Брайль қарпіндегі арнайы басылымы алғаш рет көпшілікке таныстырылды. Сонымен қатар, кітаптың дайындалуы мен техникалық ерекшеліктеріне қатысты баяндама оқылды.

Шара барысында жазушының қоғамдағы белсенділігі мен қайырымдылық бағытындағы бастамалары жайлы айтылды.