ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы Қоғамдық кеңестердің төрағалары және Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына кіретін Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жиында Қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы жетілдіру, қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыру, кеңестер тарапынан айтылған ұсыныстарды ескеру және Қазақстан Халық Кеңесімен байланысты нығайту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам ұйымдарының бірлескен жұмысы, ел көлеміндегі маңызды мәселелерді талқылау кезінде өңір тұрғындарының сұраныстары мен ұсыныстарын ескеру жайы сөз болды.
Кездесуде айтылған ұсыныстар Қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіруге арналған заң жобасын әзірлеу кезінде назарға алынады.