Қазақстан мен Өзбекстанның көлік прокуратуралары тәжірибелік өзара іс-қимылды кеңейтуде

Қазақстан мен Өзбекстанның көлік прокуратуралары тәжірибелік өзара іс-қимылды кеңейтуде
https://www.gov.kz/uploads/2026/9/23/cbf6732520ddfd1eb0d630faa01b0742501910cf450b72c8443e770ff171f9d4_1280x720.jpg

Астанада Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуратурасы мен Өзбекстан Республикасының Көлік прокуратурасы делегацияларының келіссөздері өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мемлекет басшысы елдің көлік-логистикалық инфрақұрылымы мен транзиттік әлеуетінің стратегиялық маңызын бірнеше рет атап өткен болатын.

Осы тұрғыда теміржол, автомобиль және авиация салаларындағы тасымалдау процесіне қатысушылардың құқықтарын қорғау және заңдылық жағдайы, сондай-ақ кедендік бақылау мәселелері қаралды.

Күн тәртібінде көлік процедураларын цифрландыруға ерекше орын берілді: делегациялар қадағалау жұмысын оңтайландыру және құқық бұзушылықтарға жедел әрекет ету үшін IT-шешімдерді пайдалану тәжірибесімен бөлісіп, оларды әрі қарай практикалық қолдану мүмкіндіктерін талқылады.

Ведомстволар арасында ақпарат алмасудың белсенділігін арттыру және тасымалдаушылардың қызметіне заңсыз араласуға қарсы іс-қимыл жасау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Тараптар халықаралық көлік бағыттарында заңдылықты қамтамасыз ету үшін екі ел прокуратураларының үйлесімді жұмысының маңыздылығын атап өтті.