Қоғамдық қауіпсіздік тақырыбында Quiz ойыны өтті

Қоғамдық қауіпсіздік тақырыбында Quiz ойыны өтті
фото: Астана қаласының әкімдігі

«Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Астана – есірткісіз қала!» тұжырымдамасын іске асыру аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттердің қатысуымен зияткерлік Quiz ойыны өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ойын барысында студенттер сұрақтарға жауап беріп, зияткерлік тапсырмаларды орындау арқылы білім, логика және эрудиция бойынша бақ сынады. Мұндай формат қатысушылардың білім деңгейін тексеріп қана қоймай, жастардың назарын қоғамдық қауіпсіздік, есірткі қылмыстарының алдын алу және өз болашағына жауапкершілікпен қарау мәселелеріне қолжетімді әрі интерактивті түрде аударуға мүмкіндік береді.

Елордалық полицейлер алдын алу жұмысына тұрақты түрде қатысып, білім беру ұйымдарымен және жастармен тығыз байланыс орнатқан. Олар есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқықтық тұрғыдағы жауапкершілікті түсіндіріп, жастарды салауатты өмір салтын саналы түрде таңдауға шақырады.

Зияткерлік сайыстар студенттер арасында ашық пікір алмасуға, өзара ой бөлісуге және құқықтық мәдениетті нығайтуға мүмкіндік беретін тиімді алаңға айналып келеді.

#законипорядок #заңментәртіп