К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің амфитеатрында Ұлттық домбыра күніне орай «Даламыздың үнісің сен, домбыра» атты концерт өтті.

Елорданың Сарайшық ауданы ұйымдастырған кештің басты қонағы – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Алтын домбыра» ұлттық өнер мектебінің негізін қалаушы Ибрагим Ескендір мен осы мектептің жас домбырашылары дәстүрлі күйлер мен халық әндерін шебер орындап, көрерменнің ықыласына бөленді.

"Домбыра – тек аспап емес. Бұл – халқымыздың тарихы, тілі, жаны. Мұндай кештер жас ұрпаққа ұлттық мұрамызды қастерлеуге үлкен күш береді. «Алтын домбыра» мектебінің шәкірттеріне, ұстаздарына және кешке келген барша тұрғындарға алғыс айтамын" деді Сарайшық ауданының әкімі Мақсат Саматұлы