Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен келді

 Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен келді

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мемлекет басшысын Душанбе әуежайында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.

✔️
✔️
Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.

 

Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.