Қарсы жолаққа шыққан жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

Қарсы жолаққа шыққан жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды
фото: видеодан скрин/police_astana

Астанада жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші әкімшілік жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға Қабанбай батыр даңғылында Сарайшық көшесі бағытынан Қорғалжын көшесіне қарай қозғалыс кезінде тіркелді.

Полиция қызметкерлері JETOUR X70 PLUS маркалы автокөлікті басқарған 42 жастағы жүргізушіні тоқтатты.

Тексеру барысында жүргізушінің екі бағытты, төрт және одан да көп жүру жолағы бар жолда маневр жасау кезінде 1.3 қос тұтас жолақ белгісін кесіп өтіп, қарсы бағытқа арналған жолаққа шыққаны анықталды. Осы әрекетімен ол Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидаларының 9-тарауының 61-тармағының талаптарын бұзған.