Астана қаласының прокуратурасы «Астана Су Арнасы» МКК еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шара барысында 80-нен астам қызметкерге еңбек заңнамасының негізгі ережелері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау, еңбек қатынастарын ресімдеу мәселелері, сондай-ақ еңбек құқықтарын қорғау тетіктері түсіндірілді.
Жұмыс беруші мен жұмыскерлердің заңнама талаптарын сақтау қажеттілігіне, туындайтын еңбек мәселелерін уақтылы шешуге және жұмыскерлердің құқықтарының бұзылуына жол бермеуге ерекше назар аударылды.
Еңбек заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс жалғасуда.