Прокуратура құрылыстағы заң бұзушылықтарды дрондар арқылы анықтайды

Прокуратура құрылыстағы заң бұзушылықтарды дрондар арқылы анықтайды
фото: k-radio.ru

 Елорда прокуратурасы құрылыс нысандарындағы заң бұзушылықтарды анықтау үшін дрондар қолдана бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

    Сақтандырудың болмауын, биіктікте қауіпті жұмыстардың жүргізілуін немесе заңсыз жұмыс күшінің тартылуын құрылыс салушылар енді жасыра алмайды.

    Алғашқы 3 айда арнайы техниканың объективіне мыналар түсті:

қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы талаптарды бұзған 20 құрылыс нысаны;

13 жұмыс беруші әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды;

7 әкімшілік құжат – қаралуда.

    Астана қаласының прокуратурасы «әуе бақылауының» мақсаты – азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбекті қорғау саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету екенін атап өтті.