Нұра ауданындағы өзен жағалауында акция өтті

Нұра ауданындағы өзен жағалауында акция өтті
фото: Астана қаласының Полиция департаменті

Республикалық «Таза Қазақстан» бастамасы және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу аясында елордада Нұра ауданының жағалау аумағын тазарту бойынша акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараның бастамашысы Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау басқармасы болды. Іс-шараға Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ «Астана жастары» волонтерлері қосылды.

Қатысушылар жағалау аумағын тазалап, тұрмыстық қоқыстарды жинап, қоғамдық кеңістікті ретке келтірді. Мұндай бастамалар қаланың тазалығы мен абаттандырылуын қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың қоршаған ортаға және өз қаласына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған. Профилактикалық жұмыс барысында қатысушыларға қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы, есірткіге қатысты құқық бұзушылықтарға жол бермеу, қалалық ортаға ұқыпты қарау және оның жай-күйіне ортақ жауапкершілік туралы түсіндірілді.

«Таза Қазақстан» – бұл тек таза көшелер мен аулалар ғана емес, әр адам: «Қаладағы тәртіп жеке жауапкершіліктен басталады» деген ұстанымды түсінетін мәдениет. Полиция департаменті құқық бұзушылықтардың алдын алу, қауіпсіз әрі қолайлы қалалық ортаны қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.