Астана қаласындағы қарқынды жұмыс істеп жатқан құрылыс нысандары бойынша деректер базасы құрылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бұл туралы елордалық Төтенше жағдайлар департаменті жария етті.
Департаментте Прокуратураның жетекшілік етуімен мұнаралы крандарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органмен бірлескен жұмыс жалғасуда.
Прокуратураның ұсынуын қарау шеңберінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының негізгі бағыттары айқындалды.
Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен бірлесіп мұнаралы крандарды түгендеу жүргізілуде. Елордадағы белсенді құрылыс нысандары бойынша деректер базасы құрылды.
Аталған іс-шаралар мұнаралы крандар туралы мәліметтердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етуге, олардың техникалық жай-күйіне және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау жүргізуге, сондай-ақ жүк көтергіш механизмдердің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.