Конституция – қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың болашаққа деген сенімін қалыптастыратын маңызды құқықтық негіз. Онда мемлекеттің негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалып, әр адамның қоғамдағы орны мен мүмкіндіктері белгіленеді.
Бұл ережелер адамдардың өз құқықтарын еркін жүзеге асыруына және заңға сеніммен қарауына жағдай жасайды. Конституцияның құндылығы оның күнделікті өмірмен тығыз байланысында көрінеді. Азамат өз құқығының қорғалатынын білген кезде білім алуға, еңбек етуге, кәсіп бастауға және қоғамдық өмірге белсенді қатысуға сенімді қадам жасай алады. Сондықтан Конституцияны білу – өз болашағына жауапкершілікпен қараудың бір жолы.