Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында еліміздің экономикалық әлеуетін арттыру, отандық өндірісті дамыту, инвестиция тарту және шағын әрі орта бизнесті қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Индустриялық-технологиялық даму, жер қойнауын тиімді игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын жетілдіру және отандық өнім өндірушілерге тең мүмкіндік жасау – ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын маңызды бағыттар.
Сонымен қатар мемлекеттік басқаруды цифрландыру, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану, қағазбастылықты азайту және мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру міндеттері айқындалды.
Халықтың әл-ауқатын жақсарту, медицина қызметкерлерін қолдау және ең төменгі жалақыны көтеру жөніндегі бастамалар да әлеуметтік дамудың маңызды бөлігі.
Ел болашағы – нақты істе, адал еңбекте және жауапты шешімдерде. Жолдауда белгіленген міндеттерді жүйелі жүзеге асыру Қазақстанның тұрақты дамуына, отандық кәсіпкерліктің нығаюына және азаматтардың өмір сапасының артуына жол ашады.