KazAgroFarm-2026 көрмесі өтеді

KazAgroFarm-2026 көрмесі өтеді
фото: Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі

21–23 қазан аралығында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында халықаралық KazAgroFarm-2026 көрмесі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Биыл көрмеге 25 елден 300-ден астам компания қатысады. Бір алаңда агробизнес өкілдері, фермерлер, сарапшылар, мемлекеттік органдар мен халықаралық делегациялар бас қосады.

KazAgro — тұқымнан бастап, егін өсіру, жинау және сақтауға дейінгі өсімдік шаруашылығы технологиялары;

KazFarm — генетика, асыл тұқымды мал шаруашылығы, ет және сүт өндірісі;

Ауыл шаруашылығындағы цифрландыру, автоматтандыру, жасанды интеллект, роботтандыру және дәлме-дәл егіншілік бағыттарындағы заманауи шешімдер.

Көрме аясында панельдік сессиялар, семинарлар, конференциялар, кәсіби кездесулер және шетелдік компаниялар мен сарапшылармен іскерлік келіссөздер ұйымдастырылады.

Ерекше іс-шаралардың бірі — 75 жылдығына арналған қазақтың ақбас тұқымының «Ақбас» күні.

Астана қ., EXPO Халықаралық көрме орталығы, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1, 21–23 қазан 2026 жыл. Келушілер үшін кіру тегін

Ауыл шаруашылығы саласының өкілдерін, фермерлерді, кәсіпкерлерді және агроөнеркәсіптік кешеннің заманауи технологияларына қызығушылық танытатын баршаңызды көрмеге шақырамыз!