Есірткімен күрес бойынша 30 күндік іс-шаралар кешенін жүзеге асыру жалғасуда

Есірткімен күрес бойынша 30 күндік іс-шаралар кешенін жүзеге асыру жалғасуда

Байқоңыр ауданында "Заң және тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде нашақорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 30 күндік алдын алу іс-шаралары  жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл іс-шаралар кешені бірлескен рейдтер, профилактикалық әңгімелер жүргізуді, сондай-ақ тыйым салынған заттардың таралуын анықтау бойынша жұмыстарды қамтиды.

Аудан прокуратурасы полиция басқармасымен және әкімдікпен бірлесіп халықтың денсаулығын сақтау және есірткінің заңсыз айналымына жол бермеу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.

Көлік саласына басты назар аударылады, яғни қала аумағына басқа қалалардан келетін автомобильдер тексеріліп, қала қонақтары мен автокөлік иелеріне заңсыз тасымалдау қаупі түсіндірілуде.