Студенттер мен сотталғандар арасында телекөпір өтті

Студенттер мен сотталғандар арасында телекөпір өтті
фото: polisia.kz

Астана қаласындағы Ұлттық медицина университетінде полиция департаменті мен қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдерінің қатысуымен профилактикалық іс-шара өтті,  деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында студенттерге құқық бұзушылық жасағаны үшін заң алдында көзделген жауапкершілік, есірткі заттарының заңсыз айналымының зардаптары және заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. Іс-шараның ерекшелігі – №64 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен ұйымдастырылған телекөпір болды. Олар студенттермен өмірлік оқиғаларымен бөлісіп, заң талаптарын бұзудың тағдырларына қалай әсер еткенін баяндады.

Өз басынан өткен оқиғалар арқылы жастарды қателікке бой алдырмауға, әрбір әрекетінің салдарын алдын ала ойлауға шақырды. "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.