«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының Есіл ауданы прокуратурасы интернет-алаяқтықтың алдын алуға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған профилактикалық бейнеролик дайындады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бейнероликте интернет-алаяқтықтың ең көп таралған тәсілдері, сондай-ақ азаматтардың ақша қаражаты мен жеке деректерін қорғауға бағытталған сақтық шаралары түсіндірілген.
Астана қаласының прокуратурасы елорда тұрғындары мен қонақтарын қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде қырағылық танытуға, бөгде адамдарға SMS-кодтарды, банк карталарының деректемелерін, құпиясөздерді және өзге де жеке деректерді хабарламауға, сондай-ақ өздерін банк, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстыратын белгісіз тұлғалардың қоңыраулары мен хабарламаларына сенбеуге шақырады.
Интернет-алаяқтықтың алдын алу және азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі болып табылады.