«Менеджер істі дұрыс жасайды, көшбасшы дұрыс істі таңдайды» деген тұжырым бар. Қазіргі саясатта көпшілікке ұнайтын сөз айтып, жағымды уәде беріп, қолдау іздейтіндер көп. Ал елдің ұзақ мерзімді мүддесіне қажет шешімді дер кезінде қабылдап, оның жауапкершілігін көтере білетін көшбасшылық сирек кездеседі. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауынан дәл осы көшбасшылықты көрдік.
Мысалы, шамамен 6,5 триллион теңге инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталады: бүкіл ел бойынша әлеуметтік, көлік және инженерлік нысандар салынады. Бұл қаражатты бір реттік төлемдерге жұмсау оңайырақ әрі көпке ұнар еді. Бірақ Президент елге ондаған жыл қызмет ететін жолды таңдады. Оның үстіне нысан салмас бұрын әр өңірдің нақты қажеттілігін анықтау тапсырылды. Бұл дұрыс істі таңдау ғана емес, оны дұрыс жасау да.
Экономиканы жаңғырту, инфрақұрылымды дамыту және технологиялық дербестікті нығайту міндеттері өзара сабақтас қойылды: әр қадам келесісіне жол ашады.
Мақсаты айқын: ел әлеуетін арттыру және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту. Ал нәтижесі білімге, ғылымға және адам капиталына тікелей байланысты.
Алдымызда осы міндеттерді заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етіп, Ұлттық қор қаражатының мақсатты жұмсалуын қадағалау жұмысы тұр. Жолдаудағы өзге бастамалар туралы алдағы күндері кеңірек ой бөлісемін.
Асхат Аймағамбетов,
Құрылтай депутаты