Жылу беру маусымына орай қауіпсіздік талаптары түсіндірілді

Жылу беру маусымына орай қауіпсіздік талаптары түсіндірілді
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жылу беру маусымында өрттің және тұрғындардың газдан улану қаупінің алдын алу мақсатында жеке тұрғын үйлерді аралап, қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бүгінге дейін мамандар профилактикалық шаралар барысында шамамен 4 200 үйді аралап шықты. Әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен зейнеткерлердің үйлеріне газға қарсы арнайы 235 датчик орнатылды.

Сонымен қатар құтқарушылар әкімдік өкілдерімен бірлесіп, 40-тан астам үйдің мұржасын тазалады. Елорда тұрғындары жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, пештер мен жылыту құрылғыларының жарамдылығын үнемі тексеріп отырғаны жөн.