Ең ықпалды рейтингке енді

Ең ықпалды рейтингке енді
фото: Aqorda

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен әлемге танылған әнші Димаш Құдайберген мұсылман әлемінің 500 ықпалды өкілін танытатын 2027 жылғы «The Muslim 500» рейтингісіне енді. Тізімді Иордания астанасы Амман қаласында орналасқан Ислами стратегиялық зерттеулер корольдік орталығы (The Royal Islamic Strategic Studies Centre) жариялады.

Рейтинг көрсеткішінде Мемлекет басшысының аты-жөні «Саясат» категориясында, ал Димаш «Өнер және мәдениет» бөлімінде аталады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сипаттамасында рейтингті құрушылар Қазақстандағы саяси реформаларға тоқталады. Атап айтқанда, олар конституциялық референдумды, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөліп қарастыруды және мерзімінен бұрын өткізілген президенттік сайлауды атап көрсетеді.

Ал Димаш Құдайбергенді рейтингіде өнер адамдары арасындағы алты октавадан тұратын бірегей дауыс диапазонына ие әлемге әйгілі орындаушы деп атайды. Оның музыкалық жетістіктерін, халықаралық гастрольдерін, YouTube желісіндегі танымалдылығын және гуманитарлық қызметін, соның ішінде Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі елшісі ретіндегі жұмысы ерекше атап көрсетілген.