Үндістанның Нью-Дели қаласында пара қол күрестен әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 25 елінен 500-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Әлемдік додада Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, 2 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
Атап айтқанда, Бекзат Бүркітов сол қолмен күрестен әлем чемпионы атанып, оң қолмен күрестен күміс медаль иеленді. Есенгелді Мақенай оң қолмен күрестен алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ Никита Ермаков сол қолмен күрестен күміс жүлдеге ие болса, Арыслан Әбдеханов сол және оң қолмен күрестен екі күміс медаль еншіледі. Ал Нұрлан Балтабай оң қолмен күрестен қола жүлдегер атанды.
Осылайша, елордалық спортшылар әлем чемпионатында барлығы 7 медаль жеңіп алып, халықаралық аренада жоғары шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.